ЖаңалықтарҚоршаған орта

Covid-19 жаһандық жылынуды тоқтата ма?

АҚШ, Британия және Норвегия қатарлы елдердің біріккен зерттеу тобы пандемия кезіндегі көміртегі қос тотығының (CO2) бөлінуі туралы көлемді зерттеу жүргізген. Зерттеу қорытындысы бойынша пандемия кезінде CO2 газының ауаға таралуы айтарлықтай азайғаны анықталып отыр. Бұл жағымды өзгеріс адамдардың тұтыну үлгілерінің өзгеруі және көлік қозғалысының азаюымен тікелей байланысты дейді ғалымдар.

Зерттеу тобы АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA), Жаһандық көміртегі жобасы (GCP), Қытай мемлекеттік статистика агенттігі сияқты ұйымдардың деректеріне сүйене отырып, әлемнің 69 елінің COбөлу көлеміне хроникалық тұрғыда салыстырмалы талдаулар жасаған. Зерттелген 69 елдің табиғатқа бөлетін COкөлемі бүкіл әлемдік COжиынтығының 97%-ын береді. Талдаудың қорытындысы бойынша осы жолғы пандемия салдарынан әлемдік COкүнделікті бөлінісі орта есеппен 17%-ға кеміген. Оған себеп әлем елдерінің қатаң карантин шараларын қолданып, көлік қатынасын шектеуі. Сонымен қатар, адамдар велосипед, электро-мопед сияқты қазба отын тұтынбайтын көліктерді жиі қолдана бастағанынан.

Бұрын жасалған бақылауларда әлемдік COбөлінісі жыл сайын 1% -ға артып отырған еді. Түрлі баламалы қуат көздері тез дамып, баға жағынан халыққа қолжетімді бола түссе де адамзат мұнай, табиғи газ сияқты қазба отындардан толығымен бас тартатын заман әлі алыста. Сондықтан да CO2-ні ауаға таратуды қанша шектегенмен, оның нәтижесі көңіл көншітпеген. Жаһандық жылынуды тежеу жөніндегі халықаралық ұйымдар әлем елдерін түрлі конвенциялар мен келісімдерге отырғызып, шектеу шараларын енгізгенімен, COбөлінуін пандемия кезіндегідей азайту үшін ондаған жылдар кететін еді. Бірақ пандемия мен карантин бұл деңгейге екі-ақ ай ішінде жеткізді.

Дегенмен бұл өзгеріс ұзаққа созылмайды. Ғалымдар карантиннің жеңілдеуінен CO2-ның бөлінуі қайта бұрынғы қалпына келуі мүмкін дейді. Сондықтан жаһандық жылынуды тежеу үшін әлі де бүкіл адамзат болып күресуіміз қажет.

Дайындаған – Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button