Categories Таң-тамаша

Күн жүйесіндегі «болмай қалған күн» – Юпитер

Юпитер планетасы күн жүйесіндегі күннен қашықтығы бойынша 5-ші орындағы планета. Жер үшінші планета, сосын Марс, содан кейін осы Юпитер. Юпитердің көлемінің үлкендігі соншалық оның ішіне 1321 жер шары сыйып кетеді. Оның массасы күн жүйесіндегі басқа барлық планета массасы қосындысының  2.5 есесіне тең. Бұл салмақты планетаны ғалымдар «күнді айналмайтын планета» деп те атайды. Себебі Юпитердің үлкен массасы күнді де өз орнынан шайқап отыруында болса керек. Төмендегі видеодан көре аласыз.

Юпитер және күн жүйесі

Дегенмен, бұл алып планета негізінен газдан тұрады. Сондықтан да оның тығыздығы өте төмен. Ғалымдардың айтуы бойынша планеталар қалыптасу барысында күн жүйесінің жиегіндегі газ бен тозаңдар жиналып үлкен аспан денесі қалыптасады. Уақыт өте келе бұл аспан денесінің айналасындағы газдар мен тозаңдар таусылып оның өсуі тоқтап қалады да қазіргі біз білетін Юпитер болып қалыптасады.  Егер Юпитердің төңірегінде әлі де көп мөлшердегі газ мен тозаң болған да не болар еді?

Астрофизиктер былай жорамалдайды. Қазір адамзатқа белгілі ең кішкене жұлдыздың көлемі Юпитерден де кіші. Яғни, Юпитердің диаметрі 140,000 км болса, бізден шамамен 600 жарық жылы қашық орналасқан EBLM J0555-57Ab атты жұлдыздың диаметрі не бәрі 121,000 км. Алайда бұл жұлдыздың массасы Юпитерден 70 есе үлкен. Демек, Юпитер жан-жағындағы бар затты жалмай берсе, оның массасы да неше он есе өсіп соңында күн сияқты жарық жұлдызға айналар еді.

Бұның себебі мынада: Қазіргі Юпитердің тығыздығы өте төмен болғанымен,  егерде оның массасы арта бергенде оның тығыздығы жоғарлай береді де ең соңында бұл тығыздық сутегі ядроларының өзара тебу күшін жеңіп Ядролық синтезделу реакциясы жүзеге асады. Иә, дәл күн бетінде болып жатқан сияқты ядролық синтезделу реакция. Осылайша Юпитер күн сияқты жарық жұлдызға айналар еді. Қызық, иә!? Ондайда біз аспаннан екі күнді көрерме едік?

Ал күн жүйесінде Юпитер өзіне жинай беретін газдар мен тозаңдардың таусылуына байланысты оның массасы өспей қалған. Сондықтан да ғалымдар оны «Болмай қалған күн» деп  атайды.

Мақаланы дайындаған Әліпбай Б.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *