Ғарышкерлер енді Байқоңырдан емес АҚШ территориясынан ғарышқа ұшады

Илон Маскның SpaceX компаниясы келесі апта АҚШ уақыты 27 мамыр НАСА ғарышкерлерін өз елдерінің территориясынан ғарышқа ұшырмақшы. Falcon 9 зымыраны Crew Dragon Demo-2 ғарыш кемесін алып Флорида штаты Кейп Канаверал қаласы маңындағы Кеннеди ғарыш орталығынан көкке көтеріледі.

НАСА ғарышкерлерінің айтуынша бұл жоба SpaceX компаниясын сертификаттауға арналған. Егер жоба сәтті жүзеге асса Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ғарышкерлерді тасымалдау үшін бұдан былай SpaceX компаниясының Crew Dragon Demo-2 ғарыш кемесін мен Falcon 9 зымыраны қолданатын болады. Бұған дейін НАСА ғарышкерлерін Ресейдің Союз кемесі арқылы Байқоңырдан Ресейдің Союз ракетасымен ұшырып жүрген болатын. Егер осы жолғы ұшу сәтті болса АҚШ бұдан былай Союз ғарыш кемелерінен бас тартуы әбден мүмкін.

Falcon 9 зымырыны тіктелу үстінде

НАСА Союз ғарыш кемесін жалдауға біраз қаржы жұмсайтын. Businessinsider.com сайтының хабарлауынша АҚШ әр бір ғарышкердің ХҒС-на ұшып барып қайта оралуы үшін Ресей үкіметіне 2006 жылдары 25 миллион АҚШ долларын төлесе, 2018 жылы бұл баға бір неше есе өсіп 81 миллион долларға жеткен.

Осы жолғы сынаққа барлығы екі ғарышкер қатысады. Олар Bob Behnken and Doug Hurley. Ғарышкерлер Demo-2 кемесімен 19 сағат ұшып Халықаралық ғарыш станциясына жетеді. Осы аралықта олар кезекті ғарыш тәжірибелерін жүргізіп ұйықтап та алады. Ғарыш кемесінен бөлінген Falcon 9 зымыраны жер бетіне қайта оралып SpaceX компаниясының «Of Course I Still Love You- Әрине мен сені әлі де сүйемін» деп аталатын дрон кемесіне келіп қонады деп күтілуде.

Қазірге ғарышкерлердің ХҒС-да қанша уақыт аялдайтыны шешілген жоқ. Дегенмен болжам бойынша олар 30-119 күн аралығында сонда болады. Бәрі сәтті болса ғарыш кемесі оларды алып қайтадан АҚШтың Флорида штаты жағалауына таяу маңдағы Атлант мұқиты үстіне келіп қонады.

Мақаланы дайныдаған Әліпбай Б.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *