Білім және империяның ақыры: 1731-1917 жылдардағы қазақ зиялылары және қазақ даласындағы Ресей билігі

    129

    «Knowledge and the Ends of Empire: Kazakh Intermediaries and Russian Rule on the Steppe, 1731-1917»

    Knowledge and the Ends of Empire: Kazakh Intermediaries and Russian Rule on the Steppe, 1731-1917
    Category:
    Published: 2017 ж. 7 наурыз
    Ян У.Кэмпбелл «Білім және империяның ақыры» атты еңбегінде Ресей империясының қазақ даласын танып ондағы өз саясатын қалыптастыру арасындағы байланысты зерттейді.

    Мазмұны

    • Acknowledgments
    • A Note to the Reader
    • Introduction
    1. Seeing Like a Half-Blind State: Getting to Know the Central Eurasian Steppe, 1731–1840s
    2. Information Revolution and Administrative Reform, ca. 1845–1868
    3. An Imperial Biography: Ibrai Altynsarin as Ethnographer and Educator, 1841–1889
    4. The Key to the World’s Treasures: “Russian Science,” Local Knowledge, and the CivilizingMission on the Siberian Steppe
    5. Norming the Steppe: Statistical Knowledge and Tsarist Resettlement
    6. A Double Failure: Epistemology and the Crisis of a Settle Colonial Empire

    Шолу

    1731-ші жылы Орыс империясы қазақ халқының саяси өміріне араласа бастады. Орыс империясы номиналды түрде кіші жүздің басқару құқығына ие болды. Бірақ қазақ жерін басқару орыс билеушілеріне үлкен қиындықтар тудырды. Империя кіші жүзді өзіне бағындырғанымен оны эффективті түрде басқара алмады, себебі орыс билеушілерінің қазақтар туралы, олардың мәдениеті туралы білетіні тым аз болы. Бұл кітап, қысқаша айтқанда, орыстың қазақтану тарихы деп те айтуға болады.

    Алексей Левшин осы қазақтану тарихындағы алғашқы ықпалды тұлғалардың бірі. Оның алғашқы мәліметтерінен орыс билеушілері қазақтарды біртіндеп тани бастады. «Қазақтар кім? Олар мұсылман ба жоқ па? Оларды қалай басқаруға болады?» деген сұрақтар жауап табыла бастады. Орыс билеушілері қазақтардың мұсылман болуын қалады, себебі дінге бас ұрған ұлттар мен ұлыстарды басқару жағынан империяның тәжірибесі аз емес еді. Орыс империясы Қазанды алып татарды бағындырғаннан кейін татар мұсылмандармен қарым-қатынас барысында оларды империяның жүйесіне кіріктіруді, басқаруды үйренген.  Алайда қазақтай көшпенді дала халқы, сол кездегі ғалымдардың пікірі бойынша, таза мұсылман деп саналмайды. Оларды басқарудың тың жолы керек болды. Дегенмен оларды татарлар сияқты отырықшылық, мұсылмандық өмірге үйреткенде оларды басқару әлде қайда оңай болар еді.  Дегенмен, бұған кейбір табиғи жағдай мүмкіншілік бермеді.

    Осылайша орыс билеушілері Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлихан секілді сол кездегі маңызды тұлғаларға мән бере бастады. Қазақтың білімділері орыс билеушілеріне қазақтануға көп көмектесе алатын еді. Автордың пікірі бойынша қазақ білімділері қазақтың жағдайын көтеру үшін де көптеген үлес қосқан, себебі орыстың жергілікті саясаты осы ізашарларға белгілі жағдай жасап берді де олар қазақтың ұлттық педагогикасына, ұлттық ділі үшін маңызды іс-шаралар атқарды.

    Мәдени егемендік (Мәдени суверенитет) жағынан алып қарасақ, бұл осы азаматтардың қазақтардың өзіндік болмысын сақтап қалу жолындағы күресі деуге де болар еді. Осы кезеңдегі қазақ білімділері қаламымен қазақтың болмысын, мәдениетін және тілін қорғады. Сонымен қатар, қазақтардың белсенді әрекеті мен империяның жергілікті саясатының ықпалдастығында қазақтың тарихы қалыптасты.

    Менің ғылыми жетекшім канадалық ғалым менің зерттеуіме қатысты маған үнемі мынадай бір сұрақ қояды: «Ал біз не үшін қазақты және қазақ тарихын білуіміз керек?» Мен де досыма осы сұрақты қойып көрдім. Досым оған «Біз қазақтар та дүние жүзілік қауымдастықтың бір мүшесіміз емес пе? Сондықтан біздің де тарих маңызды» дейді. Бірақ мен оның бұл жауабына риза бола қоймадым.

    Ал бұл автор неге қазақты және қазақ тарихын жазып, бүкіл әлемге жар салуда? Біз оны қонағасыға шақырып алдына ет тартпадық, қалтасына бума-бума ақша бермедік қой. Тіпті оның қазақ ұлыларына деген біздегідей сүйіспеншілігі де жоқ. Бірақ бәрі бір жазды, неге?

    Автордың бұл кітапты жазудағы мақсаты қазақ даласының Ресей империясымен ықпалдастығын жаңа модель ретінде көрсетіп, дәстүрлі ориентализм (шығыстану) теориясына сай келе қоймайтын бір мысал ретінде көрсетпек болды. Қазақ зиялылары Империяның жергілікті саясатын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Солайша олар империяның да мүддесін қазақтың да мүддесін қамтамасыз етіп отырды. Абай Құнанбайұлы осындай зиялылардың жақсы мысалдарының бірі деп қарауға болады. Орыстар Абай сияқты орыс білімін жоғары деңгейде білген зиялыларға қатты арқа сүйеді. Ал қазақ зиялылар ориенталистік көзқараспен белсенді әрекеттеніп қоғамды өз беттерінше өзгерткісі келді.

    Дегенмен, бұл кітап қазақтың тарихы арқылы империя мен оның азаматтарының байланысына талдау жасайды. Империя ол түрлі күштердің ымырасынан қалыптасқан, қым-қуыт байланыстардың жиынтығы болса, қазақ зиялылары сол күрделі байланыс арасына ұлттық мәдени егемендікті сақтап қалуға кеңістік таба білді. Қазақ мәдениеті осы тұлғалар арқасында құрбандық бермеді. Империя мен жергілікті қазақтардың ортақ мүддесінен барып қазақтың тарихы қалыптасты.

    Ал АҚШ тарихын үйреніп жүрген бір студент қазақ үшін ойлануға тұрарлық нәрсе көп. Егер осындай кейіпкерлерді тек ата-бабамызға деген құрмет пен сүйіспеншілік үшін ғана оқып зерттесек ол жеткіліксіз болады, оларды әлем тарихындағы маңыздылығын білу үшін де игеруіміз керек. Сонда ғана біз төл тарихымызды әлемге дәріптей аламыз. Біз ХІХ-ХХ ғасырлардағы зиялы ізашарлардан үйрене білуіміз керек, қазақтың мәдени егемендігін сақтай білуіміз керек.


    Шолу жазған – АҚШ Бингемтон университеті тарих факультетінің PhD докторанты Айдос Амантай

    Жауап жазу

    Көмментарияны енгізіңіз

    Бағалаңыз

    Мұнда атыңызды жазыңыз